«Біз велосипед теуіп өстік ауылда. Жалпы, қазақтың қай қара сирақ баласын алма, оның балалық шағындағы арманының бірі - велосипед сатып алу, велосипед тебу. Ал енді біздің қалаға келетін болсақ, қаламыз 21 ғасырдың ең әдемі, үздік қалаларының қатарында деп есептеймін. Қала өсіп-өркендеп келе жатыр», - деді Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов. Велосипедтерде электр энергиясының көзі ретінде күн батареялары қолданылады. Сондай-ақ, олар төзімді шиналармен, GPS жүйелерімен және басқа да жаңаша құралдармен жабдықталған. 2017 жылға дейін Астанада 1000 велосипедке арналған 100 бекет іске қосылмақ.
21:28, 14 Шілде 2014
Астанада велосипедтерді жалға беру желісі өз жұмысын бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Астана Bike» велосипедтерді жалға беру желісі іске қосылды, деп хабарлады astana.kzБиыл озық техникамен жабдықталған 200 велосипедтке арналған 40 бекет ашылады. Станциялар Есілдің сол жағалауында бір-бірінен 300-500 метр қашықтықта орналасқан.