Бірер сәт бұрын жекелей жарыс бойынша дода басталып кетті, ол 09:00-12:00 сағат аралығында өткізіледі деп жоспарланған. Ал 15:00-18:00 сағат аралығында топтық жарыс өтеді. Әуесқойлар Тельман кентінен оңтүстік айналма жол арқылы Қарағанды тасжолына дейін жарысады.
Жексенбі күні, 20 қыркүйекте «Астана Арена» стадионы алаңында Sprint Challenge сайысы өтеді. Жарыста 500 метрлік қашықтықта «Үздік спринт» атағы сарапқа салынады.
Сонымен қатар, 20 қыркүйекте 09:00-14:30 «Отбасылық спринт» және «Балдырған» атты сайыстар өтеді. Отбасылық спринтке 7 жасқа дейінгі баласы бар ерлі-зайыптылар қатыса алады. «Балдырған» сайысы 50 метр қашықтықта 3 дөңгелекті велосипедтермен өткізіледі. Қатысушылар мен жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табыс етіледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.