Астанада велоспорттан Азия чемпионаты өтеді
02:24, 13 Наурыз 2013
АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Велоспорттан 2014 жылғы Азия чемпионаты Астана қаласында өтетін болды. Бұл туралы халықаралық велоспорт федерациясы мәлімдеді, деп жазады «Аламан».
Астана велоспорттың екі түрінен, яғни трек және шоссе жарысын бірден өткізеді. Жарыс мамыр айының 21-30 аралығында ұйымдастырылмақ. Ал биыл маусым айында елордамыз ауыр атлетикадан Азия чемпионатын қабылдайды.