Астанада велотректен Қазақстан чемпионаты басталды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM -Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде ерлер мен әйелдер арасында темптік және спринтерлік бағдарлама бойынша Қазақстан чемпионаты басталды.

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша. онда ҚР ұлттық чемпионаты, сондай-ақ жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді.

Дүбірлі додаға еліміздің 13 облысынан 75 спортшы келді. Ал жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде 14 облыстан шамамен 120 спортшы бақ сынауда.

Жарыс 22 тамызға дейін жалғасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық балуан Едіге Қасымбек еркін күрестен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды.

Жерлесіміз финалда Иран өкілі Абольфазл Мохаммад Нежадты айқын басымдықпен жеңді.