12.30-14.00 аралығында Тұран даңғылының бойы (Сарайшық көшесінен Ұлы Дала көшесіне дейін), Ұлы Дала көшесінің бойы (Тұран даңғылынан Мәңгілік ел көшесіне дейін), Мәңгілік ел көшесінде (Ұлы Даладан Сарайшық көшесіне дейін) көлік қозғалысына шектеу қойылады. Сондай-ақ, Қонаев, Ақмешіт, Достық және Түркістан көшелері аумағында көлік құралдарының қозғалысы толықтай тоқтатылады.
«Қала тұрғындары мен қонақтарынан елорда көшелеріндегі кептелістерді болдырмау мақсатында бағыттарын алдын ала жоспарлап алуларын сұраймыз»,- делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.