АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін М.Горький атындағы академиялық орыс драма театрында әйгілі венгр жазушысы әрі венгр театрының негізін қалаған Иштван Эркеннің «Тот, майор және басқалар» немесе «Тоттар жанұясы» комедиясының премьерасы өтеді.
Астана қаласы ресми сайтының хабарлауынша, қойылым автордың 100 жылдық мерейтойына арналған. Жуырда ғана бүкіл Венгрия бұл атаулы күнді кең ауқымда атап өткен болатын.
Қойылымның елордадағы премьерасы Венгрияның ҚР-дағы елшілігінің қолдауымен Қазақстан мен Венгрия арасындағы мәдениеттер достастығы аясында сахналанады.
Спектакльдің режиссері Қырғызстанның халық әртісі, ҚР Мәдениет қайраткері Сергей Матвеев, қоюшы-суретші - ҚР Мәдениет қайраткері Қанат Мақсұтов.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.