АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін кешке (19.00) астаналықтар тамаша шараның куәсі болмақ. Астана қаласының арулары әдемі көйлектерін киіп, қолдарына гүл шоқтарын ұстап, бір уақытта астаналық әкімдік алдындағы қалалық алаңға шығады. Әсем шара кейін қала көшелеріндегі шеруге ұласады. Бұл туралы astana.kz сайтына шара ұйымдастырушылары мәлімдеді.
Аталмыш флешмоб жыл сайын өткізіледі және ол бүкіл әлемде қанатын кеңге жайған. Айталық, былтыр аталмыш шара 5000 әйелдің қатысуымен 20 елде аталып өткен.
Биыл ұйымдастырушылар осынау бірегей шараға қала аруларын қатысуға шақырады. Шараның мақсаты әлемді мейірімділікке шақыру, әр тұрғынға тамаша көңіл-күй сыйлау және ұлт мақтанышы - аруларға тән нәзіктікті паш ету.