Бұған дейінгі турларда үздік үштікке Өскеменнің "Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс" (33 ұпай), Алматының "Алматы-ЦСКА" (29 ұпай) және Теміртаудың "Спартак АМТ" (25 ұпай) командалары енген болатын. Одан кейінгі орындарды Қостанайдың "Иволга" (24), Оралдың "Грация- KZ" (23), Қарағанды облысының "Қарағанды-2", (15), Астананың "Астана-2" (14), Павлодардың "Қазхром" (13), Шымкенттің "Қазығұрт" (4) және Алматы облысының "Жетісу-2" (0) командалары орналасқан.
ҚР Волейбол федерациясы таратқан ақпаратқа қарағанда, жалпы ел чемпионатының алғашқы айналымында - 5, ал екінші айналымында - 3 тур өтеді. Екі айналымның қорытындысы бойынша одан кейін үздік шыққан 6 команда жүлделі орындарды, ал өзгелері 7-10 орындарды сарапқа салатын болады. Ұпай санау италияндық жүйе бойынша жүреді. Қарсыласын 3:0 және 3:1 есебімен ұтқандар -3 ұпайға, 3:2 есебімен ұтқандар -2 ұпайға, 2:3 есебімен жеңілгендер - 1 ұпайға ие болады. Ал кездесуді 0:3, 1:3 есебімен аяқтағандар бірде-бір ұпай ала алмайды.