Мюзикл Елена Наумова мен Зоя Бабкинаның жетекшілігіндегі «Ерекше» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен қойылды. Ұйымдастырушылар CamerTon вокалдық студиясы мен «Эдельвейс» би ансамблінен 70 кішкентай әртісті шақырды. Қатысушыларға арналған костюмдерді «Модница» тігін кәсіпорны әзірледі.
Оқиға желісі Аяз атаның келуін күтіп жүрген қыздың аяндары төңірегінде өрбиді. Оның түсіне ертегі кейіпкерлері: Winx қыздар, су перілері, Маша, аю және тағы басқалары кіреді. Кейіпкерлер кімді қаттырақ ұнататыны жайлы дауласады. Мюзикл әртістері жақсы өнер көрсетіп, зор қошеметке ие болды. Жаңа жылдық ән барлығын біріктірді.
Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, жобаның басты мақсаты - дарынды балаларды қолдау мен қазақстандық өнердегі мюзикл жанрын дамыту.
«Казахстан Изоляция» ЖШС, «Askona»ЖШС, «Даял» ЖШС, «Ростекстиль»ЖШС, «Универсал Центр» агенттігі, «Модница» тігін кәсіпорны көмек көрсетті.
«Ерекше» қоғамдық қоры осы сынды шараларды ұйымдастыру жұмыстарын жалғастырмақ. Сондай-ақ балалар шығармашылығын қолдауға ниетті өзге жандарды да серіктестікке шақырады.