деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұл көрме ҚР Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жыл сайын өткізіліп тұрады. Биылғы жылы көрме ақпан айының 16-18 аралығында өтеді.
«Көрме мақсаты - білім беру жүйесінің барлық сатыларындағы және білім берудің заманауи технологиялары, оқыту құрылғылары, жаңа бағдарламалар мен оқыту-әдістемелік кешендерді пайдалану, жас мамандар білімінің практикалық қолданысына көмек көрсету салаларындағы жетістіктерді көрсету» , - делінген ҚР БҒМ сайтында жарияланған ақпаратта.
Аталмыш көрмені өткізу мен шараға шетелдік және қазақстандық мамандардың қатысуы білім және ғылым саласындағы әріптестікті қалыптастырып, нығайтады деп ерекше атап өтілген министрліктің мәлімдемесінде.
Көрмеде 29 қазақстандық және 8 шетелдік жоғары оқу орындарының қызметі көрсетілген. Көрме жұмысына Германия, Чехия, Швейцария, Өзбекстан мен Қазақстанның 60 білім беру ұйымдары мен компаниялары қатысуда.