Астанада Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің VI отырысының қорытынды хаттамасына қол қойылды

None
АСТАНА. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен Қазақстан-Қытай комитетінің  VI отырысының қорытындысы бойынша  Ынтымақтастық жөніндегі  қорытынды хаттамаға  қол қойылды.

Бұл туралы ҚР Үкіметі басшысының ресми сайтында хабарланды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Ван Цишанның төрағалығымен Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің VI отырысы өтті. 

Отырыс барысында тараптар қауіпсіздік, энергетика, геология және жер қойнауын пайдалану, көлік, қаржы, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің келесі VII отырысы  Бейжіңде өтетін болды.