Бұл туралы ҚР Үкіметі басшысының ресми сайтында хабарланды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Ван Цишанның төрағалығымен Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің VI отырысы өтті.
Отырыс барысында тараптар қауіпсіздік, энергетика, геология және жер қойнауын пайдалану, көлік, қаржы, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің келесі VII отырысы Бейжіңде өтетін болды.