Қалалық отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасы сенбіде БАҚ-қа шыққан Қазақстан астанасында соңғы айда ыстық су қымбаттағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.
«Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Астанада ыстық су 25 %-ға өсті деген ақпарат шындыққа жанаспайды», - деп мәлімдеді басқарма басшысы Ербол Төлеуов.
Е. Төлеуовтың айтуынша, ыстық су тарифі 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап керісінше төмендейді.
«Қазіргі таңда тарифті арзандату бойынша қажетті жұмыстар атқарылып жатыр», - деді ол.