Бұл туралы қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың өзінің жеке блогында тұрғындардың біріне берген жауабынан белгілі болды.
Елордалық тұрғын қала басшысына көлік жолының сапасыздығына шағымданған. «Сарыарқа көшесінен Жангелдин көшесіндегі №60 лицейге қарай бұрылатын жолды неғұрлым тегістеуге болмас па екен?!. Өйткені онда өткен жылдан бері дәл бағдаршамның тұсында еңіс жер бар. Соның кесірінен кептелістер пайда болады, себебі одан аса төмен жылдамдықпен өту керек», - деген ол.
Өз кезегінде И.Тасмағамбетов: «Инженерлік желілерді құру және Кенесары-Күмісбеков-Бөгенбай-Сарыарқа көшелерінің аумағында жолды салу бойынша жобаның жүзеге асырылуы аясында ысыруға жататын құрылыстар бағасының артуынан қаражаттардың жетіспеушілігінен, біз Сарыарқа даңғылынан Күмісбеков көшесіне дейінгі Жангелдин көшесін тек 80 пайызға ғана қайта жөндей алдық. Асфальтты-бетонды жабынды тек бір қабатпен төселді, Сарыарқа даңғылы мен Жангелдин көшесінің қиылысында табалдырықтың пайда болуы осымен байланысты. Қазіргі уақытта біз аталмыш жобаны ағымдағы жылы аяқтау үшін қажетті қосымша қаражатты іздеп-табумен айналысудамыз», - деп жауап қайырды.