Жоба Астананың Бас жоспарында қарастырылған, деп хабарлады әкім Иманғали Тасмағамбетов өзінің блогында.
Қала басшысы құрылыстың мерзімін нақтыламады. Қазіргі уақытта қалада Астаналық парктің аумағында орналасқан жалғыз экзотариум-хайуанаттар бағы жұмыс істейді. Бірақ анықталғандай, ол қалалық саябақты қайта жөндеуден өткізудің жобасына енгізілмеген.
«Жобаға сәйкес, экзотариум-хайуанаттар бағы аумағында су бұрқақтардың дыбысты шоуын тамашалауға арналған көрермендер мінберін салу қарастырылады. Жәндіктер мен жануарларға шу мен вибрацияның көздеріне тым жақын орналасу жайсыз болады», - деп жазды елорда мэрі.