Астана қаласының прокуратурасы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларды қылмыстық жауапқа тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.
Үкімдер шығарылғаннан кейін қылмыстық кірісті өндіріп алу туралы азаматтық талап қою бойынша жұмыс атқарылу үстінде.
Сот шешімімен екі қылмыстық іс бойынша прокурордың талап қою талаптары толық қанағаттандырылды.
Нәтижелері бойынша Instagram және TikTok әлеуметтік желілеріндегі екі құмар ойынды ұйымдастырушыдан заңсыз жолмен алынған 124,8 млн теңгеден астам ақша өндірілді.
Елорда прокуратурасы арнайы лицензиясыз интернетте құмар ойындар мен лотереяларды ұйымдастыру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын еске салады.
Заңсыз ойын бизнесінен ақша табу әрекеттері, соның ішінде Instagram және TikTok арқылы, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.
Осыған дейінЖетісу облысында TikTok арқылы заңсыз ойын ұйымдастырғандар 4 жылға сотталғаны туралы жаздық.