Оның атап көрсеткеніндей, 2010 жылы есірткіге қатысты 200 қылмыстық іс қозғалған. Оның 73 ісі нашаны сатумен айналысқан тұлғаларға қатысты көтерілген. Сонымен қатар биыл бір есірткі притонының қызметі әшкереленді. Нашаны тасымалдаудың екі арнасы мен 27 есірткі нүктесі жабылды.
12:57, 12 Қазан 2010
Астанада заңсыз айналымнан 117 келі есірткі заты алынды - ІІД
АСТАНА. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Жыл басынан бері елордалық полицейлер заңсыз айналымнан 117 келі есірткі затын алды. Бұл туралы бүгін Астанада ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Аясын Байділдаев мәлім етті.