Қазіргі уақытта ол азамат уақытша қамауда ұстау орынына жабылған. Бұл туралы бүгін Ішкі істер департаментінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.
«Жалпы 2011 жылдың басынан бері Астана қаласы аумағында 109 қылмыстық іс қозғалса, оның ішінде 46 іс есірткі сатумен айналысқан тұлғаларға қатысты болып отыр. Есірткі сатуды жүзеге асырып келген 13 орын анықталып, жойылды. Заңсыз айналымнан 120 келі 114 грамм есірткі заттары, оның ішінде 3 келі 715 грамм героин тәркіленген», - деді ІІД баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз. Қала аумағында 130 адам аталған қылмысқа қатысты әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Әкімшілік сотының шешімімен 49 адам тұтқындалып, 16 адамға 193 мың 530 теңге көлемінде айыппұл салынған.