Астанада заңсыз діни бірлестік анықталды
13:18, 28 Қаңтар 2013
АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанадағы экстремизм мен терроризмге қарсы күрес шарасы барысында заңсыз діни бірлестік анықталды.
Ішкі істер департаменті хабарлағандай, елордада дәстүрлі емес діни көзқарасы бар 44 адам анықталып, 259 дана сан алуан діни әдебиеттер мен компакт-дискілер, сондай-ақ 6 қару-жарақ тәркіленді.