«Астана қалалық ІІД-нің Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жаңа жылдық мереке күндерінің қарсаңында пиротехникалық өнімді сақтау тәртібі, есепке алу, тасымалдау, әкелу және шығаруды бақылау жұмысы күшейтілді. Астана ІІД баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбековаға сілтеме жасап
«Пиротехникалық өнімдерді заңсыз сату бойынша полиция қызметкерлері күнделікті сауда орындарын тексеріп, сертификатталмаған өнім көтерме сауда жеткізушілерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде. Пиротехникалық өнімдерді сату тек қана тиісті лицензиясы бар арнайы мамандырылған дүкендер арқылы жүзеге асырылады», - деді Әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Бағлан Қазбеков.
Балалардың жарақат алуына жол бермеу мақсатында қоғамдық тәртіпті қорғайтын полиция жасағы, учаскелік полиция инспекторлары заңсыз пиротехникалық өнімдерді анықтауға ерекше назарға алады. Сондай-ақ кәмелет жасқа толмағандар ісі бойынша инспекторлар оқу орындарының аумағын да қадағалайды.
Пирохетникалық өнімдердерді заңсыз пайдалану фактісінің анықталса Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзу туралы» 436-бабының 2 бөлімі бойынша жауапкершілікке тартылады. Айыппұл 10 АЕК көлемінде белгіленген.
Дәл осы әрекеттерді 16 жасқа дейінгі кәмелет жасқа толмаған балалар жасаған жағдайда, олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне пиротехникалық өнімдерді тәркілеуімен қатар, ескерту немесе 10 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзу туралы» 483-бабының 1, 2-бөлімдері бойынша жауапкершілікке тартылады.
Оған қоса, «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп 19 желтоқсаннан 2018 жылдың 3 қаңтарына дейін ойын-сауық мекемелерінің жетекшілері, мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мекемелерде пиротехникалық өнімдердің қолдануына жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.