Елордалық жедел әрекет ету отрядының дайындығын байқау қорытындысы бойынша қалалық қызметтердің қыста орын алатын төтенше жағдайларды жоюға әзірлігі тексерілді. Сонымен қатар, электр қуаты, сумен қамту желілеріндегі апаттарды жою, биік ғимараттағы өртті сөндіру, зардап шеккендерді құтқару, эвакуациялау және орналастыру бойынша іс-әрекеттер орындалды. Оқу-жаттығуға ТЖМ 2 тікұшағы тартылды, олардың міндеті - жағдайды барлау, құтқарушыларды десанттау және зардап шеккендерді медициналық мекемелерге жеткізу болды. Бұдан басқа, ғимаратта өмірді қамту жөніндегі көп мақсатты өрт сөндіру көлігінің мүмкіндіктері көрсетілді. Айта кетейік, тәжірибеге жеке құрамнан 216 адам, 162 техника, соның ішінде 2 тікұшақ тартылды.
11:35, 23 Қараша 2013
Астанада зардап шеккендерді қауіпсіз жерге көшіру, медициналық көмек көрсету оқы-жаттығулары аяқталды
АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Астанада қаланың жедел қызметтерінің, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың зардап шеккендерді құтқару, қауіпсіз жерге көшіру және медициналық көмек көрсету бойынша оқу-жаттығуы өтті. Бұл туралы astana.kz сайтына Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.