Астанада зауыт директоры көрмеге әкелінген техниканың астында қалып қойып, мерт болды

ТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Астанада көрмеге әкелінген техникаларды эвакуатордан түсіру кезінде «Корыстехник» жабық акционерлік қоғамының діңгек қағуға арналған «Артек» өзі жүретін машинасы аталмыш зауыт директорының үстіне құлап кетті.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-дан хабарлады.

Қайғылы оқиға 4 қазан күні, сағат 20.49-да Тұран даңғылы мен Достық көшесінің қиылысында болды. Өзі жүретін машинаның рөлінде отырған «Корыстехник» ЖАҚ-тың 37 жастағы директоры алған жарақаттардан сол орында жан тәсілім етті.