Астанада зергер дәнекерлейтін лампының тұтануынан зардап шекті

АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - 14 тамызда Астананың Жеңіс даңғылындағы бес қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан  зергерлік шеберханада дәнекерлейтін лампының тұтануы орын алды.

Термиялық күйіктер алған 27 жастағы зергер ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.