Адамдар кітап, газет-журнал оқып, шахмат, дойбы, домино ойнай алады және бір шыны шай ішіп, соңғы жаңалықтарды талқылайды. Мұнда әртүрлі турнирлер өткізілмек, туған күндер мен мерекелер атап өтілмек.
«Олар күні бойы пәтерлерінде отырады, теледидардан басқа қарым-қатынас жоқ. Ал мұнда жиын, жұртпен шүйіркелесіп, демалатын жер, шахмат, дойбы, лото және домино ойнайды, гитара, домбыра тартады», - деді «Күйші Дина» ардагерлер ұйымының төрағасы Мәкен Қайыров.
Орталықтың ашылуы - ардагерлер ұйымының төрағасы Мәкен Қайыровтың еңбегі, дейді зейнеткерлер. Жертөлені «АстанаТұрғынүйҚызмет» компаниясы тегін бөлді. Гитарада, домбырада ойнау сабақтарын зейнеткерлердің өздері тегін өткізеді. Басқосу аптасына үш рет күніне екі сағат - түстен кейін сағат 16-дан сағат 18-ге дейін ұйымдастырылады. Күн сайын орталыққа 25 адам бара алады. Алматы ауданында барлығы 23 мың егде жастағы адамдар тұрады.
«Бұл адамдарды шоғырландырады, қарым-қатынас, өмірге қызығушылық болады», - деді зейнеткер Татьяна Левченко.
«Бізге, қарттарға, ардагерлерге жасалған бұл қамқорлық - өте тамаша. Міндетті түрде шахматтан және дойбыдан турнирлер өткіземіз және өткен және қазіргі өміріміз жайлы сыр шертісеміз», - деді зейнеткер Ғалымбек Досанов.
Алматы ауданында барлығы төрт осындай орталық ашылады. Бірақ, қазірдің өзінде оны көруге қаланың басқа аудандарынан ардагерлер ұйымдарының басшылары келді. Олар дәл осындай демалыс орны жақын уақытта оларда да пайда болатынына сенеді.