Астанада зейнеткерлерге арналған «Сәния» демалыс орталығы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Алматы ауданының Ардагерлер кеңесі жанынан зейнеткерлерге арналған «Сәния» шағын демалыс орталығы ашылды, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Қариялар жаңа шағын орталықта демалыс уақыттарын шахмат, дойбы ойнап тиімді өткізеді, сондай-ақ сауықтыру гимнастикасымен шұғылданып, ән айтып, орталық жанынан ашылған кітапханада кітап оқиды. Сонымен қатар жеткіншек қыз балаларды тоқу, тігу өнеріне, ас мәзірлеуге үйретіп, жастарды дәстүрлі тәрбиеге баулу жоспарланып отыр. Айта кетейік, бүгінгі таңда аудан көлемінде 6 шағын орталық жұмыс істейді. Оның әрқайсысына Астананың дамуына өз үлесін қосып, ел игілігіне еңбек еткен 75 жуық қария барып тұрады.