Астанада Ж.Досмұхамедұлы көшесі 25 тамызға дейін жартылай жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында 3 тамыздан бастап, жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Ж. Досмұхамедұлы көшесі Ақжол көшесінен тұйыққа дейін жартылай жабылады.

«Аталған жол бөлігіндегі көлік қозғалысы 25 тамызға дейін жартылай шектеледі. Елордалық жүргізушілерден жол бағдарларын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.