Астанада жаһандық телемедициналық жүйе ашылады

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы базасында  жаһандық телемедицина жүйесі ашылады,

деп хабарлады орталық басшысы Кеннет Әлібек  pm.kz сайтына берген сұхбатында.

«Үстіміздегі жылдың ІІІ тоқсанында  біз жаһандық телемедицина  жүйесін ашамыз. Осының арқасында біз осы жылдың өзінде-ақ  Питтсбург университеті онкологиялық орталығының мүмкіндіктерін пайдаланып, пациенттерге кеңес бере аламыз», - деді К.Әлібек.

Сонымен қатар, ол  қазіргі кезде Астанада онкологиялық орталық құру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. «Мұндай орталық құру - бұл тек құрылыс  мәселесі ғана емес, бұл қазіргі жұмыс істеп тұрған клиникалардың мүмкіндіктерін кеңейту де,  біз бүгінде осы мақсатта еңбек етудеміз», - деді К.Әлібек.

Осылайша, биыл орталық құрудың  жоба алдындағы ұйымдастыру жұмыстары басталып та кетті. Бүгінде Ұлттық медициналық холдингтің  барлық орталықтары  кеңейтуге байланысты өз мүмкіндіктерін саралап, негізі орталықтың құрылыс жұмысы аяқталмай тұрып-ақ,  жұмысты бастап кетуді ойластыруда. «Біз өз орталығымызда  тақау арада 60 төсектік онкологиялық бөлім ашуды жоспарлап отырмыз», - деп қосты Жедел медициналық жәрдем орталығының басшысы.

Қазіргі кезде бұдан басқа да ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. «Бұл емдеудің жаңа тәсілдерін  әзірлеудің  және  АҚШ-та әзірленген әдістерді өмірге енгізудің  американдық-қазақстандық зерттеу жобалары.  Біраз уақыттан кейін өзіміз  ұсына алатын технологиялар тұрғысынан қарағанда да, біз мақтаныш ететін  нәрселер болады деп ойлаймын», - деп қорытындылады сөзін К.Әлібек.  

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысының  «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты»  атты Қазақстан  халқына Жолдауындағы тапсырмаларға   сәйкес, Астана қаласында Ұлттық медициналық холдинг базасындағы  жаңа Ұлттық ғылыми онклогиялық орталық құру мәселелі қарастырылуда.