Астанада жалақы - 1 500 000 теңге

АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Астананың жоғары жалақы алатын мамандары анықталды.

Топ - менеджерлерінің жалақысы 1 500 000 теңге шамасында болса, студенттердікі 16 200 теңге.

HeadHunter кәсіпорны жүргізген сараптама жұмыстарының нәтижесіне сәйкес, жоғары менеджмент қызметкерлері ай сайын 1 479 285 теңге еңбекақы алады. Ал шикізат өндіру саласы мамандарының жалақысы 1379 267 теңге болса, түрлі саланың консультанттары 678 452 жалақыға еңбек етеді. Құрылыс пен жылжымайтын мүлік аясында жұмыс істейтіндердің жалақысы - 592 655 теңге.

Сондай-ақ ең жоғары жалақы алатындардың бестігіне дәрігерлер, фармацевтика мамандары мен өндіріс орындарының қызметкерлері ілікті. Олардың жалақылары - 550 000 теңге. Ал керісінше, ең төменгі еңбекақы тәжірибесіз азаматтарға тиесілі, жалақылары - 16 160 теңге. Сараптама жұмыстары 2012 жылдың 1 қаңтары мен 6 маусымы аралығында HeadHunter-дің ғаламтор парақшасында жарияланған Астана қаласындағы бос жұмыс орындары негізінде жүргізілген.

Ақпарат Tengrinews.kz сайтында жарияланды.