«2012 жылы аудан прокуратурасымен осы бағытта бірқатар шаралар қолға алынды», - дейді С.Оңалбаев.
Оның айтуынша, аудан прокуратурасымен жалақы кешіктірілген мекемелерге апта сайын тиісті мониторинг жүргізіліп отырады.
«2012 жылы Алматы ауданы бойынша жалпы сомасы 309,9 млн. теңгеге 1 211 жұмыскердің жалақы қарыздары анықталған. Прокуратураның іске араласуымен 521 жұмысшыға 81,9 млн. теңге сома берешек қайтарылды. Бұл орайда, прокурорлық ықпал ету актілері бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 4 мекеме басшысына 35 млн. теңгеден асатын әкімшілік айыппұл салынды. Атқарушылық іс жүргізу органы тарапына 25 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, 5 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша жалақы төлеуді бірнеше рет кідірткендерге қатысты 2 қылмыстық іс қозғалды», - деп түйді сөзін ведомство басшысының орынбасары.
Қазіргі уақытта қылмыстық істер Астана қаласының ІІД-де аудан прокуратурасының бақылауымен тергелу сатысында.