Астанада жалпықалалық сенбілік өтеді

АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігі 10 сәуір мен 10 мамырға дейін экологиялық тазалық акциясының өткізілетіндігін жариялады. Бұл қаламызға тазалық сыйлайтын игі шара. Бұл туралы http://astana.kz сайты хабарлады.

Ол үшін әрбір елордалықтың еркі мен белсенділігі қажет. Туған қаламыздың тағдыры өз қолымызда.
Бұл орайда, Астана қаласының әкімдігі барлық қала тұрғындарын 2013 жылғы 20 сәуірде сағат 9.00-ден бастап елорданың әрбір ауласы мен көшеcінде жүргізілетін жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырады.

Қала тазалығына өз үлесіңді қос, акцияға сен де қатыс! - делінген хабарламада.