Әкімдік ақпаратына сәйкес, оған шамамен 70 мыңға жуық қала тұрғыны мен 3,5 кәсіпорын қатысуда.
Жалпықалалық сенбілік қоқыс жинауға арналған 15 мың пакет, 9 мың жұмыс қолғабы, әктеу және өзге де материалдармен қамтамасыз етілген.
Акцияға қатысушыларға көмек ретінде 300 бірлік автомашина және өзге де арнайы техникалар жұмылдырылады. Жоспар бойынша, сенбілік аясында қаладан 1-1,5 мың тонна қоқыс шығарылмақ. Сенбілік барысында жалпы ауданы 491,4 га болатын саябақтар аумағы мен 220 га газон тазаланып, қараша айында субұрқақтарды консервациялау бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар бұл күні 2 мыңнан астам көшет пен ағаш бұталары отырғызу көзделіп отыр. Ағаштар мен бұталарды отырғызумен қатар гүлбақша мен гүлзарларды тазалау, жасыл желектерді күзгі-қысқы маусымға дайындау бойынша агротехникалық жұмыстар жүргізілді.