Астанада жаңа Әділет үйі өз жұмысын бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен Әділет үйінің жаңа ғимараты ашылды, деп хабарлады astana.kz.

Әділет үйінде Астана қаласының соты, елордалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, Есіл ауданы және Есіл ауданының №2 соты орналасқан. Ғимаратта сот процесін тіркеу үшін аудио-бейне құрылғылар, бейнебақылау жүйелері және бейне конференциялар өткізетін арнайы аппараттар орнатылған. Ғимаратта 50 зал бар.

Бұдан басқа, сот ғимаратында прокурорлар, адвокаттар мен медиаторлар кабинеттері, 8 күту бөлмесі және онда мұражай жұмыс істейді.