Астанада жаңа автобус маршруттары ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Байқоңыр ауданының тұрғындарымен кездесуінде қалада жаңа автобус маршруттарын ашу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу барысында тұрғындар қоғамдық көлік мәселесін шешу үшін жаңа маршруттар қашан ашылатынын сұрады.

«Биыл біз автобустар паркін 25 пайыз жаңартуды жоспарлап отырмыз. Алғашқы автобустар жазда келе бастайды. Сол автобустар көшеде пайда болған кезде-ақ қосымша маршрутттарды іске қосамыз. Жалпы биыл қалаға 300-ден 500-ге дейін автобус сатып алмақшымыз. Бұл қазір бар автобустардың 25-30 пайызы деген сөз», - деді Жеңіс Қасымбек.