Астанада жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - 18 шілде күні Астанада жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады. Бұл туралы ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық қызмет істері агенттігі жанындағы «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Жаңа ХҚО Мәскеу көшесі, 29 мекенжайында (Жеңіс даңғылы мен Мәскеу көшесінің қиылысында) орналасатын болады.

Ашылу салтанаты барысында филиал басшылығы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасына қатысу шарттарын түсіндіру бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді.