«Біз халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлап, жаңа хромдалған көркем инсталляция орнаттық. Көшенің көркін келтіретін де нақ осындай шағын сәулет нысандары!» - деп хабарлады ол әлеуметтік желіде.
Сондай-ақ елорданың оң жағалауында орналасқан аудан әкімі ағаштардың жарықтандырылғанын айтты.
«Махаббатпен егілген ағаш күндіз ғана емес, түнде де көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Қала қонақтары мен тұрғындары мерекелік көңіл-күйді толықтай сезінсін, кешке, түнде қалаға әдемі көрік берсін деп Сарыарқа даңғылы бойында өсіп тұрған ағаштарға жасыл шамдар орнаттық», - деп жазды Арман Тұрлыбек өзінің Фейсбуктегі парақшасына.