Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, қалалық ономастика комиссиясының 2011 жылғы 30 қарашадағы № 19-ыншы шешімінің негізінде Астана қаласы әкімдігінің қаулысыменжәне қалалық мәслихаттың шемімімен, елорданың Есіл ауданындағы № 27-нші жобалық атауы бар көшеге Хусейн бен Талалдың есімі берілді.
Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.