Сенбі күні, 29 қазанда елорданың Есіл ауданындағы жаңа құрылыста жүк көтеру кезінде шынжыр табанды кран жанына қарай құлап, кранның қанаты «Газель» автомашинасының кабинасына соғылып, «Практик НС» ЖШС-ның монтажшысын қағып өтті. 21 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.
18:13, 30 Қазан 2011
Астанада жаңа құрылыста кран құлап, жұмысшы зардап шекті
АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Астанада жаңа құрылыста кран құлап, жұмысшы зардап шекті, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.