Астанада жаңа мешіт ашылды
Жаңа ғибадат орны Алматы ауданының Ғ. Мұстафин көшесінде орналасқан. Қасбеті тұтас ақ мәрмар таспен көмкерілгендіктен, «Aqmeshit» атауын иеленген.
Ғимарттың басты ерекшелігі - мұнараларының санында. Классикалық мешіттерде олар төртеу болады. Жаңа мешітте екі мұнара бар және олар стильдері бойынша түрлі 3 секциядан тұрады.
Сонымен бірге, мешіт жанында 75 орынға арналған медресе бар. Мұнда сабақ оқитын 9 аудитория мен оқытушылар мен шәкірттердің тұруына арналған 28 бөлме бар. Одан бөлек, кітапхана, жаттығу залы, асхана, медициналық бөлім, шаштараз бен кір жуатын жер бар. Бұл орындар Қазақстанның ешбір мешітінде қарастырылмаған.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, медресені Қазақстанның негізгі рухани тәрбие беру орталығына айналдыру жоспарланып отыр.