АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы ЭКСПО қалашығы жанынан ашылған «MEGA Silk Way» сауда ойын-сауық орталығының ішінен мұз айдыны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кеше мұз айдыны алаңының ресми ашылу рәсімі өтіп, алаңда алғаш болып, «Барыс» спорт мектебінің жас хоккейшілері конькимен сырғанап, өнер көрсетті.
Мұз айдынға келем деушілер таңғы сағат 10:00-ден түнгі сағат 22:00-ге дейін сырғанауға болады.
Аяғына алғаш конький кигендерге кәсіби жаттықтырушылар шеберлік сағатын өткізуге дайын.
Мұз қалыңдығы 8 сантиметр, жалпы аумағы 800 шаршы метр. Мұз айдын «Мега Силк Уэйдің» бірінші қабатында орналасқан.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.