Қаланың білім беру жүйесін әлеуметтік қолдау бұрынғы деңгейінде қалады, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.
Қала басшысының айтуынша, алдағы оқу жылында елордада 65 мыңнан астам бала тегін тамақтандырумен қамтылады.
Астана қаласындағы білім беру ұйымдарының барлығында асханалар мен буфеттерде сатылатын өнімнің сапасы тұрақты бақылауға алынады.