Астанада жаңа перзентхана салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қалалық мәслихатының төрағасы Ерлан Қаналимов қалада туу көрсеткіші өскендіктен жаңа перзентхана салу жөнінде шешім қабылданғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір қалада туу көрсеткіші өте жоғары, біздегі үш перзентхана бәрін қамти алмайды, сондықтан жаңа төртінші перзентхананы – толыққанды кешенді перинаталды орталық салу туралы шешім қабылданды», - деді мәслихат төрағасы Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, қазір Сарыарқа ауданының тұрғындары үшін толыққанды аурухананы жобалау жұмыстары жүріп жатыр.

Жер учаскесі Көктал саябағы маңында белгіленген.

«Емханалар жүйесі бойынша елеулі жұмыс жүріп жатыр, өйткені азаматтар өтініштерінің 70%-75% - емханалар үлесінде», - деп толықтырды депутат.