Айта кетейік, аумағы 108 мың шаршы метр болатын Президенттік кітапхана Түркістан, Керей, Жәнібек хандар, Ақмешіт, Алматы көшелерінің төрттігінде салынып жатыр. Ғимарат 2028 жылдың маусым айында пайдалануға беріледі. Оның құрылысын швейцариялық «SPADEA SA» филиалы жүргізіп жатыр.
Тоннельдің жалпы ұзындығы 800 метрге, биіктігі – 5,5 метрге жетеді. Онда әр бағытта екі жолақтан төрт жолақты қозғалыс ұйымдастырылады. Нысан 2026-2027 жылдары қолданысқа берілмек.
Жобаны көлік жүктемесін жеңілдетіп қана қоймай, қаланың заманауи сәулет келбетін де жақсартады. Тоннель үстінде аллея мен жасыл желекті қамтитын кешенді абаттандыру жұмыстары жоспарланған.
Жобаны «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты әзірлеген, техникалық қадағалауды «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС жүргізіп жатыр. Ауқымды жобаның бас мердігері – «Integra Construction KZ» ЖШС, ал құрылысын автожол және тоннель нысандарын салуда мол тәжірибесі бар халықаралық қытай компаниясы China Road and Bridge Corporation (CRBC) жүзеге асырады. Инженерлік желілерді көшіру және қайта құру жұмыстарын «АстанаВодСервис» ЖШС орындайды.
– Автокөлік жүргізушілеріне маңызды хабарлама: Алматы көшесінде тоннель құрылысына байланысты жол қозғалысы кезең-кезеңімен жабылып келеді. Ақмешіт пен Түркістан көшелері аралығы 18 маусымнан бері жабық. Ақмешіт пен Сауран көшелері аралығы 20 шілдеде жабылған. Ал 15 тамыздан бастап Алматы көшесінің Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі бөлігі толығымен жабылады. Бұл шектеулердің барлығы жыл соңына дейін сақталады. Сондықтан жүргізушілерден жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, – деп хабарлады мердігер компания.
Құрылыс алаңында асфальтбетон жабыны, сыртқы жарықтандыру тіректері, жарнама конструкциялары, тротуар тақтайшалары және қолданыстағы инфрақұрылымның басқа да элементтері алынып тасталды. Сонымен бірге, инженерлік коммуникациялар көшіріліп, тұрмыстық кәрізді төсеу жалғасып жатыр.
– Тоннель пайдалануға берілген соң тұрғындар үшін кітапханаға оңай әрі ыңғайлы жол ашылады. Көлік ағындары дұрыс бөлініп, Есіл ауданының жол-көлік желісіндегі жүктеме едәуір жеңілдейді, – дейді Integra Construction KZ.
Бұған дейін Астана-1 вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары қалай жүріп жатқанын хабарлаған едік.
Сондай-ақ, Қосшы бағытына тартылып жатқан Tarlan Astana желісінің құрылысында алғаш рет DF30/245 арнайы көпірқұрастырғыш техника пайдаланылып, алғашқы арқалық орнатылды.