Астанада жаңа технологиялардың көрмесі ашылды

АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Astex - 2013» Халықаралық көрме-конференциясы ашылды.

VI Астана экономикалық форумы қарсаңында өтіп жатқан шараға жаңа технологиялардың түр-түрі қойылған. Көрме-конференцияға АҚШ, Канада, Ресей, Франция және тағы басқа мемлекеттердің 40-тан астам өкілі қатысуда. Ал көрмеде Microsoft, Asus, Logycom, SAP, сондай-ақ Kcell, Beeline, Қазақтелеком сынды 28 компанияның өнімдері ұсынылып отыр.