деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Байқау баспа ісі және PR, фотожурналистика, теле-радиожурналистика, WEB-журналистика атты 4 аталым бойынша өтті. Нәтижесінде, бірінші аталым бойынша - 14, екінші - 7, үшінші - 4 және соңғы аталым бойынша 1 жеңімпаз анықталды. Жас журналистерге арнайы сертификаттар тапсырылып, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында тәжірибеден өту мүмкіндігі берілді.
Қазақстан журналистерінің мамандар қорын құру мақсатында қыркүйек айынан бастап өтіп жатқан аталмыш іс-шараға барлығы 70-тен астам адам қатысты.