«Астана ІІД әкімшілік полициясы басқармасы сараптама жасап, жаяу жүргіншілерге арналған әр түрлі деңгейдегі - жерасты және жерүсті жол өткелдері қажет жерлерді анықтады. Ағымдағы жылда жобалау-іздестіру жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланып отыр», - дейді ведомство қызметкерлері.
Басқарма жоспарланған жаңа жол өткелдерін салу барысында кейбір ғимараттар бұзылуы мүмкін екендігін атап өтті.
Айта кетсек, жақын арада жер өткелдерінің бірі Мәңгілік Ел және Сығанақ даңғылдарының қиылыстарына салынады.