Астанада Жаңа жыл мерекесі қарсаңында күн ала бұлтты болады
11:43, 28 Желтоқсан 2013
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елордада мереке күндері күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Апта ішінде күн жылы болады, аздап қар жауады.
Бұл туралы astana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Түнде ауа температурасы -11;-8°C, күндіз -7;-5°C деңгейіне жетеді.
«28 желтоқсанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады, тұман түседі. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -8-10°C, күндіз -5-7°C болады. 29 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, қар жаумайды. Батыстан 9-14 м/с -9-11°C, күндіз -5-7°C деңгейіне жетеді»,- деп болжайды синоптиктер.
30 желтоқсанда, дүйсенбі күні елордада көшпелі бұлт шығады, қар жаумайды. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -9-11°C, күндіз -5-7°C болады.