Астанада жаңа жыл түнінде филармония және эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді

АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жаңа жыл түні 2012 жылғы 31 желтоқсан сағат  22.00-ден  бастап 2013 жылдың 1 қаңтарында  сағат 02.00-ге дейін Астана қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда  дәстүрлі мерекелік концерттер мен  2013 Жаңа жылды қарсы алуға арналған би кеші өтеді, деп хабарланды astana.kz сайтынан.

Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік филармонияның әншілері мен қаланың шығармашылық ұжымдарының қатысуы  жоспарланған. Конақ ретінде  Қазақстан эстрадасының жұлдыздары -  Әлішер Каримов, Маржан Арапбаева, Нұрғали Тұрлыбеков, Владимир Лигай, Ирина Омель, Дарья Данилова, Александр Тадж  және басқалар шақырылған.

Ал түн ортасында елорда тұрғындары мен қонақтары ауқымды мерекелік отшашуды тамашалай алады.