Астанада Жаңа жыл түнінде жеңіл машинада екі адамның денелері табылды

АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін, сағат 03.41-де Астанадағы «Көктал» тұрғын алқабында «Ауди» көлігі жана бастады.

ҚР ТЖМ-нен хабарлағандай, жалын сағат 04.31-де ауыздықталды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 17 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Құтқарушылар өртпен күрес барысында көліктің ішінен екі адамның жанып кеткен мәйіттерін тапты (тұлғалары анықталмаған).