Сонымен қатар қалада шағын сәулет мүсіндері қойылып, ғимараттардың қасбеттері безендірілді, иллюминациялық аркалар мен кронштейндер орнатылды. Көшелердің бойында, тұрғын және әкімшілік ғимараттардың қасбеттері ойыншықтармен, қар ұшқындарымен, шарлармен әрленді. Тұран даңғылы, Орынбор көшесі, Қабанбай батыр даңғылы мен «Астана-Бәйтерек» гүлзарындағы ағаштар, ҚР Үкіметінің алдындағы жаяу жүргіншілер көпірі, Дөңгелек алаң арқылы өтетін көпір, елордалық цирк алдындағы гүлзар, Ғашықтар саябағы және Арай саябағы безендірілді. Есіл ауданында 400-ден астам шағын және орта бизнес субъектісі нысандарының қасбеттерін Жаңа жылға орай рәсімдеді. Есіл өзенінің жағалауында М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының жанында балаларға арналған екі сырғанақ жасалады. Сондай-ақ коньки тебуді ұнататындар үшін Ақбұлақ өзенінде және «Жерұйық» паркінде үш ашық мұз айдыны, 7 мектептің аумағында мекеме жанындағы корттарда 9 сырғанақ ашылады. Еске салайық, жаңа жылды мерекелеу аясында елімізде 1-4 қаңтар және Рождество мейрамы аталып өтілетін 7 қаңтар демалыс күндері болып жарияланды.
08:08, 22 Желтоқсан 2014
Астанада Жаңа жылды мерекелеуге орай 38 шырша орнатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Жаңа жылды мерекелеу аясында 38 шырша орнатылды. Атап айтқанда, Алматы ауданында - 24, Сарыарқа ауданында - 5 және Есіл ауданында - 9 шырша қойылды, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.