«Фильмнің сюжеті өте жеңіл. Көрерменнің миын шаршатпайды, керісінше көңіл-күйін көтеріп, әдемі әсерге бөлейді», - дейді фильмнің режиссері Фархат Шарипов.
Оның айтуынша, комедияның негізгі желісі 4 түрлі кейіпкердің басынан өтетін төрт түрлі оқиға айналасында құрылады. Дегенмен бұл 4 оқиға фильм соңында бір арнаға тоғысатын көрінеді.
Картинаға Фархат Әбдрайымов, Венера Нығматулина, Төлепберген Байсақалов, Максим Акбаров және басқа да белгілі актерлер түседі.
Фильм 2013 жылдың соңына қарай көрермендерге жол тартады.